12 - 16 қыркүйек аралығында Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Жанат Хаджиев атындағы IV Халықаралық театр фестивалі өтті. Фестиваль С.Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында өтті. Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 8 театр қатысты.
14 қыркүйек Темірта қаласының балалар мен жасөспірімдер театры фестиваль қазылар алқасы мен Жезқазғандық көрермендерге «Re:Обломов» деректі драмасын ұсынды. (И.А.Гончаровтың «Обломов» романы бойынша. О.Малышеваның сахналауымен, режиссер Антуан Дукравец). Талқылауда қазылар алқасы қойылымды және ұжымның бірлескен жұмысын атап өтті.
16 қыркүйек фестивальдың жабылу салтанаты өтті. Теміртау қаласының театры «Үздік ансамбль» номинациясымен марапатталды.
https://www.tuz-temirtau.kz/kz/zha-aly-tar/957-zhez-az-anda-y-teatr-festivalinde.html#sigFreeId7cb5061eaa













